​Түркияда жол апатынан қайтыс болған қазақстандық туристің кім екені анықталды

0
572

Ол Маңғыстау облысындағы белгілі адвокат Кенже Мұңайтпасұлы.


​Түркияда жол апатынан қайтыс болған қазақстандық туристің кім екені анықталды

ERNUR.KZ. Маңғыстаудағы белгілі адвокат Кенже Мұңайтпасұлы Антальяда болған жол-көлік оқиғасында көз жұмды. Облыстық адвокаттар төралқасының төрағасы Бауыржан Мұсаев пен әріптестері оның отбасына көңіл айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Жексенбі, 30 шілдеде Түркияда қазақстандық турист қайтыс болғаны туралы хабар шарлап кетті. Ауруханаға жатқызылып, апаттан кейін ота жасалды. Турист 49 жаста болған.

Кенже Мұңайтпасұлы 2018 жылы Маңғыстау облысының адвокаттар алқасына қабылданды. Прокуратура органдарында 2002 жылдан 2013 жылға дейін жұмыс істеген.

"Біз Кенже Мұңайтпасұлының қаза тапқаны туралы жаңалыққа қайғырдық. Осы қиын сәтте көңіл айтудан басқа шара жоқ. Ол өте принципті, адал адвокат, ерекше кәсіби маман болды. Оның орны ойсырап қалды. Таланты мен адалдығы мәңгі есімізде", - дейді Маңғыстау облысы адвокаттар алқасы төрағасы Бауыржан Мұсаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алания аймағында туристік шағын автобустың жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті. Оқиға орнында туристік шағын автобус жүргізушісі мен гид қаза тапқаны анықталды. 12 турист, оның 6-уы апаттан ауыр жарақат алып, Алания мен Манавгат аудандарындағы ауруханаларға жеткізілді.