Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 45 мыңнан асты.
ERNUR.KZ. "Түрік авиакомпаниялары" апат аймағының 417 мыңнан астам тұрғынын эвакуациялады, деп жазады sputnik.kz.
6 ақпаннан бастап апат аймағына 2442 әуе рейсі ұйымдастырылып, апат аймағының 417 199 тұрғыны эвакуацияланды, 277 439 құтқарушы мен гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлері өңірге жеткізілді.
Turkish Cargo апат аймағына 418 рейс жасап, 16 062 тонна гуманитарлық көмек көрсетті.
Дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл).
Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 45 мыңнан асты.
Зілзала көршілес елдер Сирия, Ливан, ТРСК, грек Кипрінде және Иракта да сезілді.