Түрмедегі жасөспірімдер ҰБТ тапсырғысы келеді

0
1 779

​Қазақстандағы кәмелетке толмағандарға арналған жалғыз ЛА 155/6 колониясы жанындағы кешкі мектептің бітіруші түлектері ҰБТ тапсыруды қалайды, - деп жазады ERNUR.KZ тілшісі BNews.kz-ке сілтеме жасап.


Түрмедегі жасөспірімдер ҰБТ тапсырғысы келеді

фото: BNews.kz

Қазақстандағы кәмелетке толмағандарға арналған жалғыз ЛА 155/6 колониясы жанындағы кешкі мектептің бітіруші түлектері ҰБТ тапсыруды қалайды, - деп жазады ERNUR.KZ тілшісі BNews.kz-ке сілтеме жасап.

"Адам құқығы мониторингі орталығының" директоры Ардақ Жанабилов басылым тілшілеріне берген сұқбатында:

- Жазаға кесілген жасөспірімдер барлық жалпы орта мектептердегі балалар секілді білім алып жүр. Оқу бағдарламасы да бірдей. Дегенмен жазасын өтеуші жасөспірімдер ҰБТ сынағын тапсыра алмайды. Тағдыр теперішін кәмелеттік жасқа толмай көріп жатқан оларды орта арнаулы немесе жоғары білім алудан шектеу қисынсыз. Сондықтан бұл мәселені жуық арада шешу қажет, - деді.

Осыған орай ҚР ІІМ ҚАЖК-нің төраға орынбасары Мейрам Аюбаев елімізде сотталғандардың жоғары білім алуы туралы мәселенің алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.

ҚАЖ комитеті Білім және Ғылым министрлігі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесе отырып жазасын өтеушілердің мамандық иесі атануына мүмкіндіктер қарастыруда.