Түрмеден қашқан қылмыскер ұсталды

0
1 538

25 жастағы сотталған азамат 6 маусымда еркін жүріп-тұру мүмкіндігін пайдаланып, жұмыс орнынан кетіп қалған.


Түрмеден қашқан қылмыскер ұсталды

Қостанай облысында түрмеден қашқан қылмыскер төрт күннен соң ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы сотталған азамат 6 маусымда еркін жүріп-тұру мүмкіндігін пайдаланып, жұмыс орнынан кетіп қалған.

"Алау" басылымына облыстық қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел іздеу шаралары барысында қылмыскер 10 маусымда кешкі сағат 8 кезінде ұсталыпты.

Сотталған ер адамды жазасын әрі қарай өтеу үшін УК-161/11 колониясына жеткізді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды, соған сәйкес жазасына тағы екі жыл қосылуы ықтимал.