"Тыныс алмадық": Жұмысқа жаңадан кіріскен семейлік депутаттардың басы дауға қалды

0
2 693

Қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжаловтың айтуынша, олар екі рет суретке түскен.


ERNUR.KZ. Бетперде тақпаған, әлеуметтік қашықтықты сақтамаған Семей қалалық мәслихаты депутаттарының суреті желіде жарияланып, ол көпшіліктің наразылығын туғызды. Алайда жергілікті депутаттардың бұған қарсы айтар өз уәжі бар, деп жазады zakon.kz.

Қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжаловтың айтуынша, бұл арада екі сурет болған. Біріншісінде депутаттар бетперде тағып түскен.

- Содан кейін адамдар естелік үшін бетпердесіз суретке түсуге ниет білдірді. Біздің арамызда екі-үш білікті дәрігер болды, олар егер біз 30 секунд дем алмай, суретке түсіп, қайта бетперде тақсақ, ештеңе болмайтынын айтты. Сондықтан бұл арада ешқандай заң бұзушылықтар жоқ. Біз ары-бері жүргеніміз жоқ, орын ауыстырмадық, бірден қайта бетперде тағып алдық. Мен бұл жерден ешқандай заң бұзушылық көріп тұрғаным жоқ, - деді Ақжалов.

Бұл жайтты Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі де зерттеп жатыр.

- Біз Мәслихат хатшысына жолдадық, бәрін анықтайтын боламыз, бұл сауалға сол адам жауап беруі керек. Олар бір минутқа маскаларын шешіп, суретке түскендерін айтады. Бұлай, әрине, жасауға болмайды, әлеуметтік арақашықтықты да сақтау керек, қазір барлық жерде маска режимі. Біз өз тарапымыздан жағдайды зерттейміз, - дейді Семей қаласының СЭББ басшысы Берік Тілебалдин.