ҰБТ-ның төртінші күні: Мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды

0
755

136 түлек ереже бұзған.


ҰБТ-ның төртінші күні: Мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды

ERNUR.KZ. 24 маусымда 77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысады деп жоспарланды. Оның 96%-ы тест тапсырды, деп жазады Stan.kz.

Ережені 136 адам бұзған, бұл көрсеткіш үшінші лектің қорытындысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. 9 түлектің қызуы көтерілді, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсыратын болыпты.


"ҰБТ-ны өткізу процесін бақылаудың нашар болуына байланысты екі аймақтағы мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды. Мемлекеттік комиссиялардың жаңа мүшелері болып қоғам қайраткерлері, облыстың белсенді мұғалімдері, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері бекітілді", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.


Сонымен қатар, кейбір өңірлерде мүмкіндіктің болмауына байланысты тестілеу кейінге қалдырылған. Кемшіліктер жөнделгеннен кейін талапкерлер тест тапсыра алады.


"Түркістан облысында орналасқан екі пунктіде (Шәуілдір ауылы, Жетісай қаласы) және Шығыс Қазақстан облысындағы екі пунктіде (Аягөз қаласы, Ақсуат ауылы) ұялы байланыс сигналдарын тежеуіштердің істен шығуына және бейне-трансляцияның өшуіне байланысты емтихандар басқа күнге ауыстырылды. Бұл пунктерде талапкерлер 27 маусым (Аягөз қ., Ақсуат а., Шәуілдір а.) және 2 шілде күндері (Жетісай қ.) тестілеуді тапсыру мүмкіндігіне ие болады және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады", - дейді олар.