Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусымда басталады.
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу барлық санитарлық талаптар сақталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Білім және ғылым министрлігінің facebook парақшасына сілтеме жасап.
«ҰБТ барлық санитарлық нормаларға сай өткізіледі. Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизормен, дезинфекциялық тоннельмен, аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшемен, медициналық бекетпен, санитайзермен және қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.
Жарияланыммен бірге ҰБТ тапсыратын талапкерге нұсқаулық видеосы да әзірленген.
Айта кетейік, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусымда басталады. Бір аудиторияда орта есеппен 18 адам болады. Аудитория тек 35% дейін толтырылады. Тұтас ҰБТ барысын онлайн бақылауға болады.