Үкіметтегілер медициналық маска жетіспеушілігіне қатысты пікір білдірді

0
820

Қазақстандық компаниялар бір тәулікте 170 мың бетперде шығарып жатыр.


Үкіметтегілер медициналық маска жетіспеушілігіне қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Үкіметтегілер неліктен дәріханаларда медициналық бетперделердің жетіспей жатқанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Иә, бүгінде расында да медициналық бетперделердің тапшылығы байқалады. Бастапқыда осы мәселе айтылғанда халық дүрлікті. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде осы жағдай. Сондықтан да, әрине, бетперде жетіспеушілігі бар. Мемлекет осы мәселені бақылауға алды.

Қазақстанда бетперде жеткілікті болады. Тағы да қайталап айтамын, кейбір дәріханаларда бетперделер жоқ болса, бұл Қазақстан ештеңеге дайын емес деген сөз емес", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиевтің айтуынша, қазақстандық компаниялар бір тәулікте 170 мың бетперде шығарып жатыр. Ал бір айда 5 миллион бетперде шығарылып жатыр. Қажет болған жағдайда 6,5 миллион бетперде шығаруға дайын екендерін айтады.