Үкіметтің жұмысы халықтың табысын арттыруға бағытталады – Смайылов

0
594

Ол министрлер мен әкімдер әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған барлық стратегиялық құжаттың, бағдарламалар мен жобалардың нақты іске асуын қамтамасыз етуі керек екенін мәлімдеді.


Үкіметтің жұмысы халықтың табысын арттыруға бағытталады – Смайылов

ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов елімізде өткен кезектен тыс президент сайлауы аясында үкімет жұмысының алдағы жылдарға белгіленген негізгі бағыттарын атады, деп жазады sputnik.kz.

"Үкіметтің алдағы жеті жылдағы негізгі міндеті – сайланған мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы әрі нәтижелі іске асыру. Экономикада, әлеуметтік салада және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер – осы сайлауалды бағдарламаның негізі. Барлық мемлекеттік орган мен ведомство осы мақсат үшін, яғни әділетті Қазақстан құру жолында халықтың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмыла еңбек етуге тиіс", - деді Смайылов үкімет отырысында.

Ол министрлер мен әкімдер әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған барлық стратегиялық құжаттың, бағдарламалар мен жобалардың нақты іске асуын қамтамасыз етуі керек екенін мәлімдеді.

Айтуынша, үкіметтің жұмысы, негізінен, экономиканы демонополизациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға және халықтың табысын арттыруға бағытталады.
Орталық сайлау комиссиясы ұсынған алдын ала қорытынды бойынша:
Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%
Мейрам Қажыкен – 2,53%
Жигули Дайрабаев – 3,42%
Қарақат Әбден – 2,60 %
Салтанат Тұрсынбекова –2,12 %
Нұрлан Әуесбаев – 2,22 % дауыс жинады.
Ал "Бәріне қарсымын" тармағын дауыс берушілердің 5,80%-і таңдаған.