Тергеу осы топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамдарды, оның ішінде криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайтын болады.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан, деп жазады tengrinews.kz.
"2019 жылғы 5 маусымда ҰҚК "А" арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен ірі ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында осы қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 3 гранатаатқыш, 2 "Калашников" автоматы, 5 тапанша, 3 дыбыс бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік оқ табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.
Фигуранттардың бірінің тұрғылықты жері бойынша қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана, сондай-ақ көп мөлшерде әртүрлі құрамдас бөліктер (ұңғылар, оқжатарлар, тұтқалар, бекіту тетіктері мен басқалары) табылды.
Одан басқа, қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыларды жасау үшін компоненттер (селитра, жарылғыш дәрі және басқалары) алынды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның аясында тергеу осы топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамдарды, оның ішінде криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайтын болады.