Ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтілуде.
ERNUR.KZ. 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты, деп жазады inbusiness.kz.
"Ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтілуде. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар",- деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, бір күн бұрын бұл ұшақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Катовице қаласына жеткізген болатын. Одан әрі жүк Украина аумағына автокөлікпен жеткізіледі.