​Ұландықтар Астана тұрғынын ажалдан құтқарды

0
1 163

Сарбаздар жедел әрекет етіп, азаматты ажал аузынан құтқарып қалды.


​Ұландықтар Астана тұрғынын ажалдан құтқарды

ERNUR.KZ. Кеше кешкісін сағат 20:30 шамасында Астана қаласындағы Абылай хан көшесінің бойында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалап жүрген Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы 9 қабатты тұрғын үйдің терезесінде отырған ер адамды байқайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әділет Нұрбаев рация арқылы жедел байланысқа шығып, биіктен құлау арқылы өз-өзіне қол салмақ болған кісі жайлы ақпаратты кезекші бөлімге хабарлайды. Содан соң ұландық жауынгерлер Әділет Нұрбаев пен Айбек Алмаханов және Нариман Ахмет дереу тоғызыншы қабатқа көтерілгенде терезеден төмен секіруге ыңғайланып отырған ер адамды көреді.

Сарбаздар жедел әрекет етіп, азаматты ажал аузынан құтқарып қалды. Кейіннен ол тиісті сала мамандарының өз деңгейінде жұмыс жүргізуі үшін Алматы аудандық ІІБ қызметкерлеріне тапсырылды.