Ұлттық банк 8%-пен кредит беретін бағдарлама туралы айтты

0
602

Қарыз кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі, жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 8 процент.


Ұлттық банк 8%-пен кредит беретін бағдарлама туралы айтты

ERNUR.KZ. Дағдарыстан зардап шеккен шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады. Ал қаржыландыру көлемі 800 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында қиын жағдайға тап болған шағын және орта бизнеске мемлекеттен қосымша көмек көрсетуді тапсырған болатын.

"Жолдауда айтылған тапсырманы ескере отырып, бұл бағдарлама 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады, оны қаржыландыру көлемі 800 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылады", - деді ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Пандемиядан зардап шеккен секторларды үкімет "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп айқындайды.
Қарыз кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 8%.
Бағдарлама іске қосылғаннан бері 536 миллиард теңгеге 2 207 өтінім қабылданды. ШОБ-тың 1 279 субъектісі 341,4 миллиард теңгеге қаржыландырылды.
Айта кетсек, президенттің дағдарысқа қарсы бастамалары аясында биыл наурыздан бері шағын және орта бизнесті қолдау үшін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы сомасы 600 миллиард теңге деп бекітілген еді.
Ұлттық банктің мәліметінше, бағдарлама төтенше жағдайды енгізу салдарынан қаржылық жай-күйі нашарлаған ШОБ субъектілерін қолдауға бағытталған.
Қаржылық жағдайдың нашарлауына тауар/қызметті сатудың төмендеуі, сатып алушылардың төлемді кешіктіруі, қызметкерлер санының қысқаруы себеп болды.
Қарыз алғысы келетін кәсіпкер банкке қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды ұсынады.