Ұлттық банк Нархоз университетінде білім алуға 30 грант бөлді

0
509

​Оқу мерзімінің ұзақтығы – 2 жыл.


Ұлттық банк Нархоз университетінде білім алуға 30 грант бөлді

ERNUR.KZ. Ұлттық Банк Нархоз университетімен арадағы бірлескен бағдарлама аясында 30 грант бөледі, деп жазады sputnik.kz.

"MBA-дің "Қаржы талдаушысы", "Қаржылық тәуекел-менеджері", "Макроталдау мен болжау" және "Актуарий" бірлескен бағдарламалары аясында ұлттық банктің гранттары бойынша "Нархоз университетінде" оқуға конкурстық өтінімдер биыл 25 шілдеге дейін қабылданады", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Бағдарламаларда академиялық пәндер, оның ішінде қаржы, макроэкономика, эконометрика, математика, деректерді талдау қамтылады. Бұл бағдарламалардың мақсаты – Ұлттық банкте, оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде жұмыс істеу үшін кәсіби кадрларды даярлау. Сондай-ақ, қаржы секторы мен мемлекеттік басқару секторы үшін мамандарды оқыту.

Дәрістің басталуы 2022 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр. Оқу мерзімінің ұзақтығы – 2 жыл. Университетті бітіріп шыққан мамандарды Ұлттық Ббнкке, оның ұйымдарына және қаржы агенттігіне жұмысқа орналастыру көзделген.
Грантқа онлайн-өтінім, бағдарламалардың мазмұны, кандидаттарға қойылатын талаптар Нархоз университетінің сайтында көрсетілген.