Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырауда арнайы операция жүргізді

0
915

Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер 200 миллион теңгеден астам шығын келтірді.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырауда арнайы операция жүргізді

ERNUR.KZ. Атырау әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті 28 ителгіні шетелге алып өтпек болған шетелдіктер мен республика азаматтарын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, деп жазады sputnik.kz.

Қызыл кітапқа енген құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізу жоспарланған.
Тінту кезінде ителгілерді ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме мен оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар анықталды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 3-бөлігі (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе аса ірі зиян келтіретін дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Келтірілген шығын көлемі 200 миллион теңгеден асады.