Жезқазған қаласынан шыққан қоғамдық көлік күн райының қолайсыздығына және көлік құралының техникалық ақауына (әйнек тазалағыштары сынған) байланысты межелі жерге жете алмаған.
ERNUR.KZ.Құтқарушылар Жезқазған-Ұлытау тасжолында тұрып қалған автобустан 23 жолаушыны эвакуациялады, - деп жазады Tengrinews.kz.
Жезқазған қаласынан шыққан қоғамдық көлік күн райының қолайсыздығына және көлік құралының техникалық ақауына (әйнек тазалағыштары сынған) байланысты межелі жерге жете алмаған.
"Ұлытау облысы ТЖД және ПД қызметкерлері барлық жолаушыларды Ұлытау ауылына жеткізді. Адамдарды эвакуациялау үшін Ұлытау ауданы әкімдігінен 1 техника (вахтовка) берілді. Зардап шеккендер жоқ, эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болмады", - делінген хабарламада.