Ұлытаудағы газ баллоны жарылысының себебі анықталды

0
470

Жаңаарқа кентінде жеке үйдің ауласында моншада газ баллоны жарылды.


Ұлытаудағы газ баллоны жарылысының себебі анықталды

ERNUR.KZ. Ұлытау облысының Жаңаарқа кентінде газ баллонының жарылуы салдарынан 20 адам зардап шекті, деп жазады stan.kz.

Дәрігерлік тексерістен кейін сегіз адам ауруханаға жатқызылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, енді оның жетеуі үйлеріне қайтты.

Үлкен күйік алған 22 жастағы жігіт Мақажанов атындағы Қарағанды ауруханасына ауыстырылды. Емдеуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жаңаарқа кентінде жеке үйдің ауласында моншада газ баллоны жарылды. Қазір мамандар жарылыстың себептерін анықтауда.

Алдын ала бағалаулар бойынша қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Баллон пешке жақын орналасқан. Үйде сол кезде жерлеу рәсімі өтіп жатты.