Полиция ақпаратты растады.
ERNUR.KZ. Алматыда өгей әке 4 жасар баланы соққығы жығып, соның салдарынан бүлдіршін көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жантүршігерлік оқиға туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі желідегі парақшасында хабарлады.
«НемолчиKZ» қорына жантүршігерлік ақпарат келіп түсті. 4 жасар сәбиді өгей әкесі ұрып өлтірген. Наурызбай ауданының полиция бөлімінен осы ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраймыз!» - делінген жазбада.
Қалалық Полиция департаментінің өкілдері баланың өгей әкесінің қолынан көз жұмғаны рас екенін, толық ақпаратты кейінірек беретінін мәлімдеді.