Үш адамды өлтіріп, 24 жыл бойы қашып жүрген Ресей азаматы Ақтөбеден табылды

0
668

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады.


Үш адамды өлтіріп, 24 жыл бойы қашып жүрген Ресей азаматы Ақтөбеден табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе полицейлері ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынған қылмыскерді ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады.

Ол 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтірген және қылмыс ізін жасыру үшін олардың мәйітін өртеп, көміп тастаған.

Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды.

Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.