Апат орын алған жерде тамақтану және азық-түлік тарату пункті құрылды.
ERNUR.KZ. Ауыл адамдары апат орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға тамақ істеп жатыр, деп жазады baq.kz.
Әлеуметтік желіде ауыл адамдары ұшақ апат болған жерде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан адамдарға ыстық тамақ әзірлеп жатқан видеолар тарап жатыр.
"Гүлдала ауылының тұрғындары құтқарушыларға ыстық шай мен тамақ әзірлеп жатыр, - дейді видео авторы.
«Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен Төтенше жағдай болған жерге тамақтану және азық-түлік тарату пункті құрылды. Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметкерлер оқиға орнынан алыстамай, жұмысты тиімді атқару үшін жасалды. Бұл іске жақын ауылдардағы еріктілер атсалысып, зор көмек көрсетуде», - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.