Ұшқан сәттен бастап дірілдей бастады -ұшақ апатының куәгері

0
1 792

Бірінші кезекте жағдайы ауыр адамдарға медициналық көмек көрсетті, - дейді оқиға куәгері.


Ұшқан сәттен бастап дірілдей бастады -ұшақ апатының куәгері

ERNUR.KZ. Ұшақ бортында болған жолаушылардың бірі Гүлнар Көшенова төтенше жағдайдың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

– Мен борттың артқы жағында отырдым. Біз ұшқан сәттен бастап ұшақ дірілдей бастады. Кейінірек салондағы қол жүктері құлады. Мен қауіпсіздік белдігін байланған бойы басымды бұғып отырдым. Тоқтаған соң, басымды көтерсем, ер азаматтардың бірі апаттық есікті ашып, жолаушыларды сыртқа шығара бастады. Әйелдер мен балаларға жігіттер көмектесті. Бірден жан-жаққа, әуежайға хабарластық. Күзет көлігі, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келді. Ол кезде қараңғы болды. Сыртқа шығарған адамдарды автобуспен әуежайға апарып, бірінші кезекте жағдайы ауыр адамдарға медициналық көмек көрсетті, - дейді ұшақта болған жолаушы Гүлнар Көшенова.