​Үштөбе қаласында Республика күніне орай жаңа пәтерлер берілді

0
371

Үй "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды, оның құрылысына бюджеттен 405,6 млн. теңге жұмсалды.


​Үштөбе қаласында Республика күніне орай жаңа пәтерлер берілді

Үштөбе қаласында Республика күніне орай салтанатты түрде жаңа 30 пәтерлі үйде жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты рәсімге аудан әкімі Ерлан Исабеков, Үштөбе қаласының тұрғындары, аудандық құрылыс бөлімінің және мердігерлік ұйымның өкілдері қатысты.
Үй "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды, оның құрылысына бюджеттен 405,6 млн. теңге жұмсалды.
Жаңа үйде 10 екі бөлмелі және 20 үш бөлмелі пәтер бар. Көптен күткен пәтерлердің кілтін аз қамтылған, көп балалы отбасылар, I және II топтағы мүгедектер, ауғандықтар мен зейнеткерлер алды.
Аудан басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, ауданда жақын арада 40 пәтерлі несие үйінің құрылысын бастауды, сондай-ақ Көкдала шағын ауданында 20 жеке тұрғын үй салуды жоспарлап отырғанын атап айтты.