Үстіне секірген: Ақтауда жігітті аяусыз ұрған сәті видеоға түсіп қалған

0
1 836

Оқиға 9 қазанға қараған түні 7 шағын аудандағы караоке-клубтың жанында болды.


Үстіне секірген: Ақтауда жігітті аяусыз ұрған сәті видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Ақтауда караоке-клубтың жанында ер адамды ұрған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл жағдай полиция назарына ілікті, деп жазады Stan.kz

Оқиға 9 қазанға қараған түні 7 шағын аудандағы караоке-клубтың жанында болды. Ер адамды ұрып-соққан сәт сыртқы бақылау камерасының объективіне түсті. Бейнежазбада бірнеше жас жігіттің жәбірленушіні қоршап алғаны, ал біреуі оның үстіне секіргені бейнеленген.

Полиция қоңырау түспегенін хабарлады, бірақ бақылау камераларынан жағдайды көрген жедел басқару орталығының операторы жақын маңдағы полиция экипажын осы мекен-жайға жіберді.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушылары бір-бірімен таныс екенін анықтады. Олар бір-біріне ешқандай шағым, талап немесе арыз бермеген.