Ұзынағаштағы атыс: әкімдік видеоға қатысты пікір білдірді

0
193

Әлеуметтік желіде Ұзынағаш ауылындағы атыстың видеосы жарияланды.


Ұзынағаштағы атыс: әкімдік видеоға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Алматы облысының әкімдігі видеоға түсіп қалған атыс оқиғасын түсіндірді, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде Ұзынағаш ауылындағы атыстың видеосы жарияланды.


Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова , 2024 жылғы 16-25 қыркүйек аралығында Жамбыл ауданында әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілетінін хабарлады.

Оқу-жаттығулар "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы" Заңның және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның, Алматы облысы әкімдігінің және аумақтық қорғаныс бригадасының жұмылдыру дайындығы жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарының, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің қаулысының негізінде ұйымдастырылған.

"Оқу-жаттығуларға Алматы облысы Жамбыл ауданы аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасында, батальон басқармасында және аумақтық қорғаныс батальонының күзет ротасында тіркелген әскери міндеттілер қатысады. Оларға барлығы 90 адам жұмылдырылды", - деді Жанна Арынбекова.

Жаттығулар жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Жаттығулар әскери дайындық шараларын қамтиды.