Вакциналау қарқыны баяулап қалды: Елордалықтардың 9,7% ғана екпе алды

0
472

Елордада соңғы бір айда вакцинация деңгейі төмендеген.


Вакциналау қарқыны баяулап қалды: Елордалықтардың 9,7% ғана екпе алды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова қаладағы вакцинация науқаны туралы айтты, деп жазады zakon.kz.

Ол қалада 100-ден астам вакцина кабинеттері бар екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда қала тұрғындарының жалпы санының 9,4% -ы немесе 111 683 адам екпенің екі компонентін де алды. Бірінші компонент 14,3% немесе 169 632 адамды қамтиды. Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінде уақытша егу пункттерінде жалпы саны 19 742 адам екпенің бірінші компонентін алды, ал қалада вакцина алған тұрғындардың 9 109-ы екінші компонентін салдырды, - деді Сарқыт Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, соңғы бір айда вакцинация деңгейі төмендеген. Мамыр айында егілгендердің саны сәуірге қарағанда 46% төмен.