Ол туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындады.
ERNUR.KZ. Павлодарда вакциналау паспортын сатып алған әйел адам ауыр халде жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ол өзіне және туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов ӨКҚ-да өткен брифингте мәлім етті.
«Кардиологияда жалған төлқұжат алған әйел жатыр. Ол туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындады. Қазір науқастың жағдайы ауыр. Жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді Айдар Сейтқазинов.
Спикер өңір тұрғындарын жалған вакциналау паспортын алмауға шақырады.