Вице-министр коронавирустың екінші толқынында кімдерге тегін дәрі берілетінін айтты

0
716

​Тегін үлестірілетін медициналық препараттардың ішінде вирустық инфекциялар мен пневомнияның түр-түрін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер бар.


Вице-министр коронавирустың екінші толқынында кімдерге тегін дәрі берілетінін айтты

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы айтып, тегін дәрілерді кімдер алатындығын атады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Бүгінде барлық емханада коронавирустан амбулаториялық деңгейде емделуге арналған дәрі-дәрмек бар. Бес препаратты учаскелік дәрігерлер жазып береді. Бұның барлығы тегін таратылады. Сондықтан коронавирустың екінші толқынына дайындаламын деп, дәрі-дәрмек сатып алудың қажеті жоқ", – деді Ғиният орталық коммуникацилар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны басталса, емханалар қызметі қалыпты жағдайда жалғаса береді. Санитарлық талаптар қатаң сақталып, дәрігерлер алдын ала жазылу бойынша қабылдайды. Ал коронавирустың белгілері бар науқастар бөлек есік арқылы кіргізіледі. Оларды бөлек кабинетте қарайды.


Тегін дәрі кімге, қалай беріледі?

Вице-министрдің айтуынша, тегін дәрілер тек қана дәрігер нұсқауымен ғана беріледі.


"Міндетті түрде дәрігердің өзі қарауы керек. Аурудың белгілері болса ғана тегін дәрілер алуға рұқсат. Ал симптомсыз ауырып жүрген адамдарға ондай препараттар берілмейді. Бүгінде барлық препарат емханаларға жеткізілді", – деп атап көрсеті.


Бұдан бөлек, тегін медициналық препараттардың ішінде вирустық инфекциялар мен пневомнияның түр-түрін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер те бар.


"Вирустық пневмониялар, бактериялық пневмониялар болады. Оған қарсы тегін бес препарат тағы бар ("Парацетамол", "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран" – Sputnik Қазақстан). Соның ішінде дене қызуын түсіретін, қабынуға қарсы және антибиотиктер кіреді. Оны да учаскелік дәрігерлер жазып береді", – деді Ғиният.