​Вице-министр: Мектеп директорлары жаңа әдіспен тағайындалады

0
2 565

Біз мектеп директорларын тағайындау ережелеріне өзгеріс енгіздік.


​Вице-министр: Мектеп директорлары жаңа әдіспен тағайындалады

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтің мектептерді аккредиттеу және мектеп директорларын тағайындау туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Вице-министрдің айтуынша, министрлік «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы үшін міндеттер тізімін кеңейтеді. Енді онда тек байқау және олимпиадалар өткізумен қатар, дарынды балалардың арнайы мектептерінің жұмысы да үйлестіріледі.

«Біз мектеп директорларын тағайындау ережелеріне өзгеріс енгіздік. Енді білім басқармалары мен бөлімдері мектептердің директорларын дербес тағайындай алмайды, олар «Дарын» орталығымен ортақ келісімге келуге міндетті. Инновациялық-білім беру лицейлерінде өзіне тән құндылықтары бар. Білім басқармаларындағы әріптестеріміз кадрлық мәселелерді өздігінен шешпек болған, ал лицейлердің өздері басқа пікірде. Біз де жаңа ережелер арқылы осы мәселені шешеміз. «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры инновациялық-білім беру лицейлерінің жұмысын үйлестіріп отырғандықтан, директорларды тағайындау мәселесінде өз пікірін білдіруі қажет. Басқа мектептер бойынша да дәл солай, бұл ретте «Дарын» орталығымен кеңесу қажет», - деді Асхат Аймағамбетов Сүлеймен Демирел университетінде өткен тамыз кеңесінде.

Қазақстанда бүгінгі таңда дарынды балаларға арналған 131 мамандандырылған мектеп бар. Министрлік олардың барлығына халықаралық аккредиттеуден өтуді ұсынып отыр.

Бұдан тыс, Аймағамбетов еліміздегі білім беру жүйесінде неліктен мұншалықты көп реформа жасалатынына да түсінік берді.

«Көпшілік біздің білім беру жүйемізде жиі реформа болатынын айтады. Бірақ дамыған елдердің қай бірінде білім беру жүйесі тұрақты әрі реформаланбайды? Бұл қазіргі заман үшін қалыпты жағдай», - деді вице-министр.