Вице-министр Сүлейменова Жаһандық экоқор бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалды

0
472

Зүлфия Сүлейменова 2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.


Вице-министр Сүлейменова Жаһандық экоқор бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалсын», - делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова 2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтар 2022 жылғы наурыз аралығында VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылғы наурызда бүгін атқарып отырған қызметіне тағайындалды.