Вице-премьер Склярдың інісі басшылық қызметке тағайындалды

0
715

Василий Скляр Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың немере інісі Нұрлан Мәсімовтың орнына келді.


Вице-премьер Склярдың інісі басшылық қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы қызметіне Василий Скляр тағайындалды, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін департаментті ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтың туысы – полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов басқарған. Кәрім Мәсімов қамауға алынды. Ал Нұрлан Мәсімов 17 қаңтарда жазған өтініші негізінде қызметінен босатылған болатын.

Депаратменттің жаңа басшысы ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалды. Оның кандидатурасына президент әкімшілігі келісім берген. Бүгін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеке құрамға полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды.

Василий Васильевич Скляр 1983 жылы дүниеге келген. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, Василий Скляр Қазақстанның вице-премьері Роман Склярдың туған інісі.

2006 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірді. Заңгер, құқық магистрі. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы; қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл; аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл; Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылдың сәуірінде Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды. Бұған дейін Екібастұз қаласының полиция басқармасын басқарды.