WBO Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

0
618

Он күн ішінде жекпе-жек өткізу туралы келісімге келе алмағанын хабарлады.


WBO Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық WBO Еуропа титулының иегері Дэнни Дигнум арасында чемпиондық атақ үшін өтетін жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Tengrinews.kz

WBO бокс командалары он күн ішінде жекпе-жек өткізу туралы келісімге келе алмағанын хабарлады. Енді жарнамалық аукциондар 28 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-де өтеді. Ең төменгі ұсыныс - 200 мың АҚШ доллары.

Сондай-ақ WBO мәлімдемесінде Әлімханұлы мен Дигнум арасындағы жекпе-жек аукцион аяқталғаннан кейін 45 күннен ерте емес және үш айдан кешіктірмей өтуі керек делінген.