​WhatsApp желісінде бала ұрлауға қатысты тарап кеткен хабарламаны ҚР ІІМ тексерді

0
1 326

Екі оқушы қызды оны суретке түсіруін сұрап бұтақтар арасына әкеткен.


​WhatsApp желісінде бала ұрлауға қатысты тарап кеткен хабарламаны ҚР ІІМ тексерді

ERNUR.KZ. ҚР ІІМ өкілдері WhatsApp желісінде оқущыларды ұрлау жайлы тарап кеткен хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Тарап кеткен аудио-жазбада екі ұл баланы қара джип маркалы автокөлігі аңдыған. Олар көліктен қашып құтылмақшы болып, бір үйдің есігін қағады. Сөйтіп есікті келіншек ашып, аңдығандарды қорқытқан екен.

Кейін тағы бір жазба жарияланды. Ол жерде ата-ананың бірі бейтаныс әйел адам мен оның серігі көлікпен мектеп алдына тоқтағанын, неге екенін түсініксіз есікті ашық қалдырып екі оқушы қызды оны суретке түсіруін сұрап бұтақтар арасына әкеткен.

Аудио-жазба ретінде тараған хабарламада оқиғалар қай жерде болғанын айтылмаған. Өз кезегінде ҚР ІІМ өкілдері хабарламаны "фэйк" деді.

"WhatsApp әлеуметтік желісінде жарияланған аудио-жазба хабарламасы жалған. Біздің мемлекетте бала ұрлау ісі тіркелмеген. Мұндай жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді ІІМ ресми уәкілі Алмас Сәдубаев желіде тараған хабарламаға.