Whatsapp желісінде "Дезинфекция үшін тікұшақпен дәрі шашады" деп таралған ақпарат жалған

0
1 659

Жалған ақпарат таратқандар ҚР заңнамасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз.


 Whatsapp желісінде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Whatsapp желісінде тараған "Бүгін сағат 23:00 мен 5:00 аралығында дезинфекция үшін тікұшақпен дәрі шашады. Үйдің терезелері мен балкондарын ашуға, сондай-ақ сағат 23:00 кейін көшеге шығуға тыйым салынады" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми хабарлайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жалған ақпарат таратқандар ҚР заңнамасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз.
Құрметті азаматтар, әлеуметтік желілерде жүрген жалған ақпараттарға емес, тек ресми деректерге сеніңіздер. Нақты ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің ресми сайтынан, министрлік пен комитеттің Facebook парақшасынан оқи аласыздар.