Заңсыз еңбек еткен шетелдіктер елден шығарылды

0
1 038

Жыл басынан бері 40-тан астам кәсіпорында 979 шетелдіктің заңсыз еңбек еткені анықталған


Заңсыз еңбек еткен шетелдіктер елден шығарылды

фото:24.kz

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында шетел азаматтарын жұмысқа жегу оқиғалары тыйылмай тұр, деп жазады 24.kz.

Жыл басынан бері 40-тан астам кәсіпорында 979 шетелдіктің заңсыз еңбек еткені анықталды. Олар негізінен құрылыс, асхана мен дәмханаларда жұмыс істеген. Шетелдіктердің ешқандай келісімшартсыз жұмыс істеп келгенін полиция қызметкерлері кезекті рейд кезінде анықтады.

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, тек соңғы үш тәулікте көші-қон заңнамасын бұзған 119 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Ал оларды заңсыз жұмысқа жеккен кәсіпкерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Амантай Хамзин, облыстық ІІД жеке взвод командирінің орынбасары: 119 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. 637 шетелдік елімізде болмау мерзімдері қысқартылды. ҚР-ның шетелдіктер күшін пайдалану ережесін бұзудың 40 дерегі анықталды. Шетелдіктерді қыбылдап, заң алдында өз міндеттемелерін орындамаған ҚР азаматтары да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.