Зейнетақы қорындағы ақшаны алу: министр әр жастағы азаматтарға жеке-жеке тоқталды

0
1 122

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегі бекітіліп отыр, ол әр жастағы адамдар үшін әртүрлі болмақ.


Зейнетақы қорындағы ақшаны алу: министр әр жастағы азаматтарға жеке-жеке тоқталды

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін алу үшін есепшотта қанша ақша болуы керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар24.

Министрдің айтуынша, жинақтағы қаржы көлемі ерлер мен әйелдерге теңестірілген.

Алдын ала есептеу бойынша әр жаста мынадай көлемде қаржы болуы керек.

30 жас – 2 млн 518 мың теңге

35 жас – 2 млн 961 мың теңге

40 жас – 3 млн 437 мың теңге

45 жас – 3 млн 947 мың теңге

50 жас – 4 млн 495 мың теңге

55 жасқ – 5 млн 84 мың теңге


"59 жастан асқан азамат үшін 5 миллион 586 мың теңге қажет. Бұл жеткіліктілік шегі, бұдан асқан соманы олар өз қажетіне ала алады", - деді Біржан Нұрымбетов.


Азамат өзі үшін, туған-туыстары үшін ала алады.