Зейнетақы жинағының бір бөлігін алған қазақстандықтар табыс салығын төлемейді

0
512

Азаматтар зейнет жасына жеткен соң салықты бөліп төлейді.


Зейнетақы жинағының бір бөлігін алған қазақстандықтар табыс салығын төлемейді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі жолдауында қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін пайдалануға қатысты тапсырма берді. Алайда, қолданыстағы заң аясында жинақтаушы алынған соманың салығын төлеуге міндеттеледі. Осы орайда Сенат депутаттары Үкіметке халыққа тиімді тиімді жолын қарастыру үшін ұсыныс берді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қазіргідей қиын жағдайды бұл өте тиімді шешім. Алайда салық салу тұрғысынан бірқатар сұрақ туындады. Егер де азамат өзінің зейнетақы қорынан ақшасының белгілі бір бөлігін алатын болса, онда қолданыстағы заң аясында оның алған сомасынан 10 пайыз салық ұсталынады. Осы орайда Сенат депутаттары зейнетақы қорынан алынатын соманың салығын төлеуді кейінге шегеруді ұсынады. Яғни салық бірден төленбейді. Оны азамат зейнет жасына жеткенннен кейін 16 жыл бойына бөліп төлегені дұрыс деп ойлаймыз», - деді сенатор Ольга Булавкина.

Бұл ұсынысқа қатысты Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді.

«Зейнетақы қорынан тұрғын үй алу, емделу сияқты мақсатта алынатын соманың құны аз болмайтыны анық. Оның үстіне қаражат бір мезетте алынады. Тиісінше, салық көлемі де көп болады. Бұл жинақтаушыға салмақ түсіруі мүмкін. Біз оған жол бермейміз. Сенат депутаттарының бұл ұсынысын Үкімет те қолдады. Осылайша зейнетақы қорынан алынатын сомаға салық салынбайды. Ол тек алдағы уақытта орындалатын болады», - деді Руслан Дәленов.

Алайда азаматтығын ауыстырған тұлғалар салықты бірден төлеуге міндеттеледі. Салық құны БЖЗҚ-да қалған сомадан алынады.