"Зерде" холдингін тарату: премьер-министр Смайылов қаулыға қол қойды

0
569

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Зерде" холдингін таратуды ұсынған болатын.


ERNUR.KZ. "Зерде" холдингі таратылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов қаулыға қол қойды, деп жазады Tengrinews.kz.

"2022 жылғы 5 тамызда үкімет "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ны таратуды көздейтін қаулы қабылдады. Бұл құжат нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі сайтында жарияланады", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Зерде" холдингін таратуды ұсынған болатын. Үкімет отырысында министр "Зерде" тобын реформалау 2022 жылғы бірінші жартыжылдықта басталғанын айтқан еді.