Жамбыл облысында баланы зорлады деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды

0
517

Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.


Жамбыл облысында баланы зорлады деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Полиция Жамбыл облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлады, сонымен қатар оның қашып кеткені туралы қауесетті жоққа шығарды, деп жазады sputnik.kz.

Жамбыл облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігінде (Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық) көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген 30 жастағы ер адамның қашып кеткені туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат жындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Ол 2022 жылдың 6 мамырында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) қамауда отыр.
Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Басқа мәліметтер жария етілмейді.