Бастыбаев 5 жылға, Ағдавлетов 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдік бойынша Ақмола облысының Экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі, 5-санатты біліктілік сыныбы (аға лейтенант) К.Е. Көбегеневке, 82796 ә/б 2-ші ауыр-гаубица артиллериясы дивизионының командирі майор Р.Х. Бастыбаевқа және азамат Б.К. Ағдавлетовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар осы әскери бөлімнің 8-ші ауыр-гаубица артиллериясы батареясының командирі капитан Б. Мұратұлынан бұрын келісілген 9 млн 106 мың теңгенің 1 млн 700 мың теңгесін алаяқтық жолмен, соңғысына қатысты тергелетін қылмыстық іс бойынша мәселені оң шешуге жәрдем көрсету желеуімен алған деген күдікке ілінген болатын.
Бұл ретте азамат Ағдавлетовтың қылмыстық іс-әрекеттері оның өз бетінше билік өкілі (прокуратура органдарының қызметкері) атын жамылуымен ұштасқан.
Ағымдағы жылдың 30 қазанында Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Көбегенов 7 жылға бас бостандығынан және біліктілік сыныбынан айырылды.
Осы үкіммен Бастыбаев "майор" әскери атағынан айырып, оны 5 жылға бас бостандығын шектеді және Ағдавлетовке 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.