Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ арсеналы табылды

0
447

Табылған ПМ тапаншасы қаңтар оқиғалары кезінде Полиция департаментінің қоймасынан ұрланған екен.


Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ арсеналы табылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында есірткі қылмысын ашу барысында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Төле би ауылында бос қалған ғимараттың ішінен арсенал қару-жарақты тапты.

«Полицейлер жартылай автоматты тегіс ұңғылы Mossberg мылтығын, екі тегіс ұңғылы ИЖ-16 мылтығын, екі ұңғылы ТОЗ-16 екі шолақ мылтықты, төрт ұңғылы ПБ-4 Оса тапаншасын, Револьвер Reg agent газ тапаншасын, ПМ тапаншасын, жарық дыбыстық гранаталар мен оқ-дәрілерді алды», - делінген хабарламада.

Табылған ПМ тапаншасы қаңтар оқиғалары кезінде Полиция департаментінің қоймасынан ұрланған екен.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың ақпаратына сүйенсек, есірткіге қарсы күресушілер жыл басынан бері төрт қару-жарақ орнын тапқан.

Жақында ғана Тараз қаласы «Тектұрмас» кесенесінің аумағында және Ниетқалиев көшесінің бойындағы салынып бітпеген үйдің жертөлесінен газды-травматикалық тапаншалары, ПМ тапаншасы, Benelli САТ 13299 карабин, екі ұңғылы аңшылық шолақ мылтық, жарық дыбыстық және газ шашатын гранаталар, оқ-дәрілер жасырылған екі орын табылды.