Аталған жұмысқа 140-қа жуық адам және 40-тан астам техника жұмылдырылды.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында еріген қар және жаңбыр суының басу салдары жедел түрде жойылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шұғыл жұмыстар жүргізілген елдімекендердің тұрғындары құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне алғыс білдірді.
«Қазіргі уақытта Меркі және Тұрар Рысқұлов ауданында алдын алу шаралары жалғасуда, еріген қар суын ашық аумақтан тазарту жұмыстары жүргізілуде, су бұру арналары тазартылып жатыр», - делінген хабарламада.
Аталған жұмыстарға 140-қа жуық адам және 40-тан астам техника жұмылдырылған.