Жамбыл облысында жалған банкроттық рәсімдеген кәсіпкер айыппұл арқалады

0
289

Қазіргі уақытта салық берешегін өндіріп алу бойынша шаралар қабылдануда.


Жамбыл облысында жалған банкроттық рәсімдеген кәсіпкер айыппұл арқалады

Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының прокуратурасы аудандық соттардың шешімдерін зерделеу барысында жалған банкроттыққа әдейі жеткізуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату фактісін анықтады, деп жазады inform.kz.

Атап айтқанда, Шу аудандық сотының 2024 жылғы 15 наурыздағы қаулысымен ӘҚБтК-нің 182-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Х-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Алайда іс материалдарын зерделеу көрсеткендей, құқықбұзушы 11 млн теңге салық төлеуден жалтару және кірістерді жасыру мақсатында өзіне тиесілі ЖШС-ні әдейі банкроттыққа дейін жеткізіп, оны сатып жіберген.

«Енгізілген прокурорлық ден қою актісінің негізінде 2024 жылғы 5 қыркүйекте Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, оған ӘҚБтК-нің 182-бабының 1-бөлігі бойынша 738 400 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды», — деп жазды бақылаушы органнан.

Қазіргі уақытта салық берешегін өндіріп алу бойынша шаралар қабылдануда.