Жамбыл облысында жер сілкінісі болды

0
564

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 482 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан.


Жамбыл облысында жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Жер асты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі СТӘЭ ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 26 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:38-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 482 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6, магнитудасы - MPV 4,5", - делінген хабарламада.

Картада жер сілкінісінің ошағы көрсетілген.


Жер сілкінісі Таразда сезілген.

"Қанша балл болғанын білмеймін, бірақ қатты сілкінді", - дейді қала тұрғыны.