Жамбылда 170-тен астам мекеме төтенше жағдай режимін бұзған

0
627

Тексеру барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының кафе-барларының бірінің әкімшілігіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.


Жамбылда 170-тен астам мекеме төтенше жағдай режимін бұзған

ERNUR.KZ. Жамбылдық полицейлер төтенше жағдай режиміндегі 400-ден астам ойын- сауық орындарының жұмысын тексерді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың республикада төтенше жағдай режимін енгізуіне және ҚР ІІМ министрі Е. Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде бірқатар шаралар қабылданып, уақытша шектеу қойылған болатын.

Күшейтілген режимде жүргізіліп жатқан шаралардың басты мақсаты - қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісінше қорғауды қамтамасыз ету.

Қазіргі ел өміріндегі күрделі кезеңде Жамбыл облысы полиция департаментінің жеке құрамы да қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылды.

«Кешкі-түнгі рейдте біздің қызметкерлер облыстың 413 мекемесіне барды. Оның 176-сы енгізілген төтенше жағдай режиміне қарамастан өз жұмысын жалғастырған. Аталған мекемелердің әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның барысында ҚР ӘҚБтК-нің 476- бабының (төтенше жағдай режимін бұзу) талаптары таныстырылды», - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов.

Сондай-ақ, оның айтуынша тексеру барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының кафе-барларының бірінің әкімшілігіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды, онда түнгі 22.00-ден кейін 50-ден астам адам болған.

Полиция департаменті құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге байланысты қажетті шектеулерге назар аударуды сұрайды. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.