Жаңа министрліктің басшысы тағайындалды

0
579

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған болатын.


Жаңа министрліктің басшысы тағайындалды

фото: ғаламтордан

ҚР Президентінің Жарлығымен Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған болатын.

Сондай-ақ Ақордада бүгін Юрий Викторович Ильиннің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылғандығын хабарлады.Ильин Юрий Викторович 1968 жылғы 9 сәуірде РКФСР Куйбышев қаласында туған.

Білімі жоғары, 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі – шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясы – заңгер.

«Құрмет» орденімен (2013 жылы), 8 мерейтой медалімен марапатталған. 2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.