Жаңақорғанда түнгі жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

0
664

Аудандық полиция бөліміне 10 адам жеткізілді.


Жаңақорғанда түнгі жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауылының тұрғындары жаппай төбелесті, деп жазады zakon.kz.

Түнгі даңғазаның видеосы Instagram-да жарияланды.

Қызылорда облысының полиция департаменті 15 маусымда түнде болған оқиғаның мән-жайын айтты.

Белгісіз бір топ адам бір-біріне тас лақтырып, жақын маңдағы автотұрақтағы көліктерді бүлдірді. Сонымен қатар, тұрақ маңындағы дүкенге материалдық залал келтірілген. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті аудан тұрғындары анықталып, полицияға жеткізілді, деп хабарлады полициядағылар.

Аудандық полиция бөліміне 10 адам жеткізілді.

Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дене жарақатын алғандар анықталған жоқ. Қазіргі уақытта дерек бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасы, яғни "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, – деді құзырлы ведомстводағылар.