Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі қыз жоғалып кетті

0
1 112

Екі қыздың да жасы 16-да.


Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі қыз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында бір аптадан бері кәмелетке толмаған екі қыз іздестіріліп жатыр, деп жазады Stan.kz.

Полиция дерегіне сүйенсек, Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдас 29 наурызда жоғалып кеткен. Қыздар Жаңаөзендегі үйлерінен шығып, қайта оралмаған.

Екі қыздың да жасы 16-да. Фарида Рахат-4 шағын ауданында, Тілектес Теңге ауылында тұрады.

Жаңаөзен полиция басқармасындағылар жедел-іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Полицейлер қыздарға қатысты ақпарат білетін немесе көрген азаматтардан 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.