Оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
"Қазгидромет" синоптиктері 29-31 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Болжамға сәйкес, апта соңында Атлант мұхитының аудандарынан антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"30 мамырдан бастап Жаңа жер аймақтарынан келген циклон оңтүстік циклонмен бірігіп, ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, жел күшейіп, шаңды дауыл болады", - делінген хабарламада