"Жарылғыш зат лақтырған" - Атырау облысында көпірде болған жаппай қақтығыстың видеосы пайда болды (видео)

0
716

Атырау облысы Құлсары қаласында 1 тамыз күні сағат 03.00 шамасында 2003-2004 жылы туған бірнеше азаматтың қатысуымен жанжал шыққаны туралы Полция департаменті хабарлады.


ERNUR.KZ. Желіде Атырау облысы Құлсары қаласындағы көпірде болған жаппай қақтығыстың видеосы пайда болды, деп жазады stan.kz.

"Бұл не Молотов коктейлі ма? Белгісіз адам осындай видео жіберген. Оның айтуынша, Құлсары қаласындағы 5-шағын аудандағы көпірде сол күні "Қиямет түні" болған. Жанжал шығарған адамдар айғайлап, төбелесіп бір біріне жарылғыш зат лақтырған", - делінген хабарламада.

Атырау облысы Құлсары қаласында 1 тамыз күні сағат 03.00 шамасында 2003-2004 жылы туған бірнеше азаматтың қатысуымен жанжал шыққаны туралы Полция департаменті хабарлады. Салдарынан 19 жастағы жігіт түрлі дене жарақаттарын алған. Күдіктілердің барлығы анықталып, ұсталды, олардың үшеуі қамауға алынды: екеуі 2004 жылы, біреуі 2003 жылы туған.

"Денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабының 2-бөлігімен, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлады ведомства.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін алты жылдан он жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес:

1. бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу – 2000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады;

2. Дәл сол әрекет, егер:

  • адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;а
  • билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын немесе қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;
  • бірнеше рет жасалса;
  • әуе, өзен, теңіз кемесінің бортында, темір жол көлігінде жасалса: бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қылмыстық топ жасаған; атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер – 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.