Жас дәрігерлерге біржолғы жәрдемақы беріледі

0
1 558

Жергілікті билік қалада жұмыс істеуге келген жас мамандарға 500 мың теңгеден, ауылдық жерлерге ат басын бұрғысы келгендерге 2,5 млн теңгеге дейін біржолғы көтерме ақы ұсынады.


Жас дәрігерлерге біржолғы жәрдемақы беріледі

ERNUR.KZ. Қостанай облысында қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 11 пайызға төмендеді. Бұл туралы 2018 жылдың қорытындысына арналған жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгінде Қостанай облысында Елбасы тапсырмасымен медицина саласында жүргізілген реформалар оң нәтиже беруде. Ана мен баланы қорғау, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту және аурулардың барлық түрлерінен, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардан өлім-жітімді азайту сияқты бағыттарға ерекше назар аударылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудниктің айтуынша, осы жылы эндоскопиялық операциялар көлемін арттыру жоспарда бар. Үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалана отырып, жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту - күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі.

«2016 жылы Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама біздің облысымызда 3 жыл бойы айтарлықтай жемісті жүзеге асты. Мысалы, былтырғы жылдың көрсеткіші бойынша нәресте өлімі мен түберкулезбен ауру 5,5 пайызға азайды. Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 11 пайызға төмендеді», - деді басқарма басшысы.

Ал, бұған дейін өзекті болған кадр тапшылығы біртіндеп шешімін табуда. 2018 жылы облысқа сырт өңірлерден 100 жас маман келді. Оның 70-і Қостанай қаласында жұмыс істейді. Олардың арасында онкологтар, бала дәрігерлері, терапевт және хирургия саласының мамандары бар.

Дәрігерлерге алғашқы қаржылай жәрдемақы көрсетілді. Жергілікті билік қалада жұмыс істеуге келген жас мамандарға 500 мың теңгеден, ауылдық жерлерге ат басын бұрғысы келгендерге 2,5 млн теңгеге дейін біржолғы көтерме ақы ұсынады. Оның сыртында, олар еңбекақысына қосымша ынталандыру компоненттеріне ие болады.

Сала мамандарының біліктілігін арттыру үшін жақында Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық oрталығының ауруханасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандум аясында облыстың жетекші медициналық мекемелерінің дәрігерлері тәжірибе алмасу үшін шеберлік сыныптар мен өзге де іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алмақ.